Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде коронавируспен ауырғандар саны 16 мыңға жуықтады

Опубликовано:

17 маусым күні елде коронавирус жұқтырудың тағы 335 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 15 877-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде коронавирус жұқтырған тағы 335 адам тіркелді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram
"Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Олардың 59-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, 37-і Қарағанды ​​облысынан, 35-і Алматы қаласынан, 29-ы Батыс Қазақстан облысынан, 21-і Атырау облысынан, 21-і Шығыс Қазақстан облысынан, 20-ы Түркістан облысынан, 18-і Шымкент қаласынан, 15-і Ақмола облысынан, 15-і Ақтөбе облысынан, 15-і Жамбыл облысынан, 13-і Павлодар облысынан, 11-і Алматы облысынан, тоғызы СҚО-дан, сегізі Қызылорда облысынан, алтауы Қостанай облысынан, үшеуі Маңғыстау облысынан. Ауру өсімі 2,2%", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдіріп, 2020 жылдың 18 маусымында жаңа шаралар жарияланатынын айтты.

Ал күні кеше елде коронавирус инфекциясынан көз жұмған тағы тоғыз адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 97- ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860926-elde-koronavirus-zktyrgan-tagy-335-adam-tirkeldi/

pixel