17 жасында 51 жастағы әйелді жар етіп алған жігіт жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
51 жастағы Линда мен 17 жастағы бозбала Джейдің үйлену тойы кезінде көпті таңғалдырған еді. Олардың бір-біріне деген сезімі жиі талқыға түсіп, қоғам арасында сынға ұшырайтын. Алайда араға 18 жыл салып, ерлі-зайыптылар махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Интересно знать сайтына сілтеме жасап.
Линда көлік жүргізу мектебінде нұсқаушы болып жұмыс істеген, ал Джей оның оқушысы болған. Жас жігіт алғаш рет одан сабақ алуға келгенде Линда өмірлік жарын кездестіргенін о баста түсінбепті.
Айта кету керек, Линда Джейді кездестірген сәтте екі рет ажырасып үлгерген. Сол себепті ол өзінің теңін енді кездестіретініне сенімсіз болыпты.
Таныстықтарының алғашқы күнінен-ақ Линда мен Джей бірін-бірі жақсы түсінген. Олар көліктен басқа түрлі тақырыптарға әңгіме өрбітетін.
Анықталғандай, олардың қызығушылықтары, өмірге деген көзқарастары ұқсас болып шыққан.
Джей өзімен қатарлас қыздармен көңіл жарастырып көргенімен, олармен өзін жайсыз сезінген. Ал Линданың жанында жігіт расымен де бақыттан бал-бұл жанған.
Линда да жас жігіттен әлдеқайда үлкен екенін білсе де, сезімге ерік беріп, бәріне көз жұма қараған.
Джейдің ата-анасы оның сүйіктісі туралы білгенде, ашуға булыққан. Себебі Линда ұлдары тұрмақ, олардың өздерінен 10 жасқа үлкен еді.
Амалы таусылған ата-ана жігіттің сезімі суып, түбінде ұлдары райынан қайтады деген сенімде болған. Алайда 8 айдан кейін Джейдің Линдаға сөз салып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын білген.
Бұл жаңалық Линданың 13 жастағы қызы мен 17 жастағы ұлының да көңілінен шықпаған. Олар болашақ әкелерінің өздерімен жасты болатынына көндіге алмаған.
Десе де, Линда мен Джейдің бас қосып, отбасы атанғанына биыл 18 жыл толған. Қазіргі уақытта Линданың жасы - 69-да, ал Джей - 36-да.
Осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар қоғам арасында жиі талқыға түсіп, көптің сынына қалған. Алайда жұбайлар оларға назар аудармауға тырысқан.
Бүгінгі таңда ерлі-зайыптылардың кішігірім дәмхана мен наубайханалары бар.
Айта кету керек, қос ғашықтың ортақ балалары жоқ. Линданың сөзінше, ол тұрмысқа шыға сала балалы болуды ойлаған, алайда Джей өзінің әлі тым жас екенін айтып, оны райынан қайтарыпты. Есесіне жігіт сүйіктісінің балалары мен немерелерін бағуға дайын екенін жеткізген.
Айта кетейік, бұған дейін 65 жастағы әжейді жар етіп алған 24 жастағы жігіт туралы жаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1861272-17-zasynda-51-zastagy-jeldi-zar-etip-algan-zigit-zajly-ne-bilemiz/