jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

65 жастағы әжейді жар етіп алған 24 жастағы жігіт желіде қызу талқыға түсті

: UGC

Индонезияның оңтүстік Суматра қаласының 65 жастағы тұрғыны алғашқы күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін араға 30 жыл салып, екінші рет тұрмыс құрды. Бұл жолы оның таңдауы 24 жастағы Арди Варас есімді жігітке түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

24 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан
Фото: facebook.com/pg/akuwongpati: UGC

65 жастағы Мба Гамбренг пен 24 жастағы Арди би тобында танысқан. Жас жігіт топта өнер көрсеткен, ал әжей жетекшілердің бірі болған.

Осылайша, қарт кісі бір жыл бұрын өзге балалар секілді 24 жастағы Ардиды асырап алған. Әжей асырап алған балаларының барлығын үйлендіріп, құтты орнына қондырыпты. Ал Арди үйленген жағдайда тек Мбаны ғана жар етіп алуға дайын екенін мәлімдеген.

Әжей өз кезегінде мұндай ұсынысқа таңырқап қалғанымен, қуана келісімін беріпті. Жігіт тіпті, қалыңдығы үшін 100 мың индонезиялық рупий көлемінде қалың мал төлеген.

Facebook желісінде жұбайлар қызу талқыға түскен. Десе де олардың басым бөлігі ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, ешкімнің сөзіне құлақ аспауға шақырған.

"Егер сіз әлі екінші жартыңызды жолықтырмаған болсаңыз, уайымдамаңыз, ол әлі дүниеге келмеген болуы керек", "Жаратқанның өзі қаласа, мүмкін емес нәрсе жоқ. Бақытты болыңыздар", "Махаббат жасқа қарамайды", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда ер адам екінші рет үйлену үшін жұбайын өлтіріп, жұртты шошытқанын жазған едік.

65 жастағы әжейді жар етіп алған 24 жастағы жігіт желіде қызу талқыға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.