Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді

Опубликовано:

Әлемдегі ірі Amazon компаниясында жаңа тауарлар саылымға шықты. Оның қатарында Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC

Онлайн дүкенде сатылымға шыққан ерекше тауар жайлы желі қолданушылары жазды.

Оларды сатушылардың Қазақстанның мемлекеттік рәмізін дәретханаға немесе аяқ астына қоюға ұсынып отырғаны қынжылтқан. Қазақстандықтардың ашуына тиген тауар шамамен 17 доллар, яғни, 7 мың теңгені құрайды.

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC

Анықталғандай, Қазақстан туы тек дәретхана заттарында емес, қол сүртетін орамалдарда, ванна сүлгісінде, ваннаға арналған перде мен кілемшеде бар болып шықты.

Сатылымда Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген сүлгілер де жоқ емес.
Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді құрметтемегені және мазаққа айналдырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған.

Бұл туралы желі қолданушылары да айтып жатыр. Олар дүкенде сатылатын тауарларға да, әрекетсіз отырған билікке де ашулы.

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC
"Билік қайда қарап отыр? Мына сұмдыққа неге шара қабылдамайды?", "Не деген масқара? Қандай ақымақ сатып алады?", "Ішкі істер министрі, қайдасыз?", "Бұл нағыз бассыздық", "Бізді осылай күлкіге айналдырып отыр ма? Неге?" деп жазды желіде қазақстандықтар.

Дүкен ассортиментінде Қазақстанға қатысы бар тағы бірнеше тауарды байқауға болады. Мәселен, Қазақстан туының өрнегі бейнелген перде түрлі-түсті болып берілген.

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC

Дүкен қазақстандықтарға ұнайтын тауарларды да сатып жатыр. Мәселен, Үлкен Алматы көлі, Шарын каньоны және Қазақстанның флорасы мен фаунасы өкілдері мен бүркітшінің суреті бар перделер сатылымға шыққан.

Қазақстан туы бейнеленген дәретхана жабдықтары жұрттың ашуына тиді
Фото: amazon.com: UGC

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысы Аққулы ауданы Кенжекөл ауылының тұрғыны Ерсайын Шапин 10 жыл бойы үйінің төбесіне Қазақстанның туын іліп қойғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861723-kazakstan-tuy-bejnelengen-drethana-zabdyktary-zrtty-asuyna-tidi/

pixel