Выйти
RU

Алматыда парацетамол мен термометр тапшы ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәрі тапшылығы туындағанын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда парацетамол мен термометр тапшы ма

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Шектеу бітуіне байланысты Алматыда респираторлық вирус инфекциясының өскені байқалады. Атап айтқанда, коронавирус инфекциясының да өскені рас. Осы жағдайда неғұрлым жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұраныс өсті. Әсіресе, термометрге. Бұл ретте көп азаматтар әлеуметтік желілердегі бейресми кеңестерге және өз таныстарының кеңестеріне сүйене отырып, өз бетімен емделу үшін дәрілік заттар сатып ала бастады", - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Мамандар қаладағы көтерме сауда компаниялары мен дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша дәрілік препараттар жеткілікті деп сендірді.

"Қаладағы дәріхана мен қоймаларда 24 370 қорап Парацетамол 0,5 №10 бар, сондай-ақ "Инкар" және "Медсервис плюс" компанияларына 450 000 қорап дәрі әкелінді. Олар қазір кедендік рәсімдеуде тұр. Одан бөлек, Панадол, Эффералган, Фервекс, Колдрекс, Күн/Түн, және басқа да құрамында парацетамол бар дәрілер жеткілікті. Ацикловир дәрілік затының вирусқа қарсы ұқсас түрлері Инговерин, Тамифлю, Кагоцел жеткілікті. 68 480 қорап Инговерин 90 дәрісі сертификаттан өтіп жатыр. Шілдеде сатылымға түседі", - деді департаменттен.

Тағы да оқыңыздар

Шектеулі уақыт қойылады: Қарағанды облысында карантин күшейтілді

Ал термометрге қатысты көтерме фармкомпаниялармен Қазақстанға осы медициналық бұйымды жылдам жеткізуге келіссөз жүргізіліп жатыр. Өнімді өндіретін елдерде үлкен сұраныс болғандықтан (Ресей, Қытай Халық Республикасы) және басқа да елдерге шығарылатындықтан шектелген көлемде жеткізіліп жатыр.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз халықты өз бетінше емделмеуге шақырамыз. Әсіресе антибиотик қабылдамау керек. Өйткені, бұның салдары қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде пайда болған фейк жаңалықтарға сенбеуге шақырамыз. Аурудың алдын алу мақсатында қазіргі уақытта дәруменге бай тамақтарды көп ішу қажет. Дәріхана ұйымдарына фармацевтикалық қауымдастық және тікелей рецептісіз өткізілетін дәрілік заттардың санын шектеуді ұсынамыз", - деді департаменттен.

Айта кетейік, күні кеше Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы дәріханаларда парацетамол мен аспирин таусылғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда парацетамол мен термометр тапшы ма