Ақтау маңында еркін жүрген арыстан жұрттың зәресін ұшырды
Жарияланған күні:
Ақтау қаласына жақын жердегі Ақшұқыр ауылында тұрғындар еркін жүрген арыстанды видеоға түсіріп алды. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған бейнероликке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жыртқыш аңды ер адам видеоға түсіріп алған. Ол ауылда арыстан жүргенін ескертіп, тұрғындарды абай болуға шақырды. Ал аң патшасының өзін жайлы сезініп, төңіректі еркін аралап жүргенін көруге болады.
Полиция өкілдері Lada.kz басылымына мәлім еткендей, Ақтау маңында жыртқыш аң жүргені туралы хабар 25 маусымда таңертең келіп түскен.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттанды. Аңды табиғатты қорғау полициясының инспекторлары ұстады.
Арыстанның дені сау, қазіргі уақытта полицейлер оның елді-мекенде қайдан пайда болғанын анықтауда.
Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар ежелгі қолтырауындардың екі аяқпен жүргенін анықтаған.
Ежелгі қолтырауындардың кейбір түрлері динозаврлар сияқты екі аяқпен жүрген. Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары осындай шешімге келді.
Мамандар Оңтүстік Корея аумағында ежелгі крокодиломорфтардың іздерін тапқан. Оларға 110-120 млн жыл болғаны анықталды. Басында ғалымдар 24 сантиметрлік аяқ іздерін птерозаврға тиесілі деп шешкен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862084-aktau-maynda-erkin-zrgen-arystan-zrtty-zresin-syrdy-video/