Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар бұрын қолтырауындардың екі аяқпен жүргенін анықтады

Опубликовано:

Ежелгі қолтырауындардың кейбір түрлері динозаврлар сияқты екі аяқпен жүрген. Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ғалымдардың зерттеулері Scientific Reports журналында жарияланды.

Мамандар Оңтүстік Корея аумағында ежелгі крокодиломорфтардың іздерін тапқан. Оларға 110-120 млн жыл болғаны анықталды. Басында ғалымдар 24 сантиметрлік аяқ іздерін птерозаврға тиесілі деп шешкен.

Алайда мұқият зерттеген соң, бұл ұзындығы шамамен 3 метр болатын қолтырауындардың артқы аяғының іздері екені анықталды. Ал жануардың алдыңғы аяқтарының іздері болмаған.

"Олар динозаврлар сияқты қозғалған", – дейді ғалымдар.

Олар аумақты мұқият тексеріп шықты. Алайда, жануардың алдыңғы аяқтарының іздері сол күйі табылмаған. Ал артқы аяқтың іздері жақсы сақталған – тіпті қазбаларда шөгінділердің құрылымы байқалады.

Енді ғалымдар тағы бірқатар олжаларды қайта тексеріп шығуға ниетті – олардың көбісі птерозаврларға тиесілі саналған. Болжам бойынша, олар негізінде төрт аяқтап жүрген, бірақ, кейбір түрлері екі аяқпен де қозғалған.

Ғалымдардың соңғы тапқан олжалары екі аяқты птерозаврлар туралы анықтаманы жоққа шығаруы мүмкін. Себебі, бұрын оларға тиесілі саналған іздердің қолтырауындардан қалуы ғажап емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда 130 жасқа келген қолтырауынды 500 адамның жерлегені туралы жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860436-galymdar-bryn-koltyrauyndardy-eki-aakpen-zrgenin-anyktady/

pixel