Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада өрт сөндіруге келген көліктің суы таусылып, баспана түгі қалмай жанып кетті

Опубликовано:

Елорда іргесіндегі 85 мыңға жуық тұрғыны бар елдімекендерге небәрі 3 өрт сөндіру көлігі қызмет көрсетеді. Тілсіз жаумен күресушілердің жетпеуінен жұрт зардап шегуде. Мәселен, Тайтөбе ауылындағы әйелдің жалғыз баспанасы отқа оранып, үш баласымен далада қалды. Барлық құжаттары жанып кеткен. Ең жақын 30 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылынан келген. Техникада су жеткілікті болмапты. Аймақ басшылығы осы мәселені шешсе дейді ашынған жұрт. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада өрт сөндіруге келген көліктің суы таусылып, түгі қалмай жанып кетті
Көрнекі фото: azh.kz: UGC

30 маусым күні кешкі 7-лер шамасында басталған өрт дереу күш алып, 8 бөлмелі пәтердің дымын қалдырмаған. Ал түтіндеп басталған уақытта шақырылған өрт сөндіру мамандары әупірімдеп жеткенімен, сулары таусылып қалған. Ал, жақын маңда жалынды өшіретін тіршілік нәрі жоқтың қасы.

Үй иесі жылдар бойы тірнектеп жиған қаражатына тұрғызылған баспанасының бүгінгі жағдайын көрсетіп, көзіне еріксіз жас алды. Оқиға болатыннан сәл-ақ алдын ол жағымсыз күйген иісті сезген. Бірден жақын маңдағы электр мамандарын шақырғанымен, ешқайсысы келіп, тексеруге ниет білдірмепті. Көп ұзамай шатырдан басталған өрт көз ілеспес жылдамдықпен тарап, айналаны түтін баса бастағанда, балаларын сыртқа шығарып үлгерген екен.

"Міне, жолда, жолда деді. Соның өзінде 40 минут өтті. Сол жолда дегеннің өзінде. Ол келгеннің өзінде де өрт қатты емес еді. Оларда су таусылды. Олар су жоқ, су жоқ деп бір-бірімен дауласып, өздері сасқалақтап жүр. Менен олар, өз алдына сасқалақтап жүр. Олар екіншісін дайындауымыз керек деп суға кеткенде үйімнің 50% суға айналды",- дейді Тайтөбе ауылының тұрғыны Эльвира Алимова.

700-ге жуық түтіні бар тайтөбеліктер ауылда жиі үй өртенетінін айтып дабыл қақты. Шақырған өрт сөндіру көліктері Қабанбай батыр ауылынан келем дегенше тағатымыз таусылады дейді олар. Жақын маңдағы Қосшы ауылына да өрт сөндіру бекетін тұрғызу мәселесін айтып, әкімнің атына да бірнеше рет хат жазған. Бірақ, істің алға жылжитын түрі жоқ көрінеді. Айта кетейік, 85 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге бар-жоғы 3 өрт сөндіру көлігі қызмет көрсетеді екен.

"Білмеймін, бір жарты сағат па, 40 минут па? Өрт сөндіру қызметі келді, бір кішкене 10 минут та шашқан жоқ. Су бітті деп кетті. Одан кейін тағы 20 минут күттік. Сол екі ортада үй түгел 40 минуттың ішінде жанды да кетті. Өрт сөндіретін ештеңелері жоқ. Техника керек ", -дейді ауыл тұрғыны Жантас Мұхаммедов.

Өрт сөндіру бекетінің бұл аймаққа керек екенін Қосшы ауылдық округінің әкімі де мойындап отыр. Халық күн санап өсіп жатқанын айтқан шенеунік осы секілді төтенше жағдайлар жиі болып тұратынын айтады. Техниканың да барлығы ескіріпті. Нысанды ашу үшін арнайы жер телімін де бөліп берген, енді Төтенше жағдайлар комитеті тарапынан қаржы күтіп отыр екен. Себебі, ауылдық жердің бюджетінің мұндай мәселелерді шешуге шамасы жетпейтін көрінеді.

"Біз жер бергенбіз. Олар жерін алған. Қабанбай батырда 3 машинасы бар. Бір ауысымда 3 адам ғана шығады. Сол кішкене ауыртпашылық болып жатыр. Бірақ, Қабанбай батыр Қосшы 80 мың адамға қызмет жасайды . Енді, бізге өрт сөндіру бөлімін салу керек. Жердің барлығын бергенбіз. Біз енді, көмек береміз. Бір көмек АЕК. Аудан жағынан",- деді Қосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Жолымбетов.

Айта кетейік, ауада белгісіз зат шашқан тікұшақтар қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Куәгерлер кадрларды видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863246-elordada-rt-sndiruge-kelgen-klikti-suy-tausylyp-baspana-tgi-kalmaj-zanyp-ketti/

pixel