Коронавирусты "хайп" деп атаған жігіт инфекциядан көз жұмды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желідегі жазбаларда коронавирусты жоққа шығарып, елдегі жағдайды хайп деп атаған америкалық Ричард Роуз 1 шілдеде инфекция жұқтырғанын мәлімдеді, ал үш күннен кейін ер адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
37 жастағы Роуз алдымен өз парақшасында өзін өте нашар сезінгенін, содан кейін коронавирусты анықтауға тапсырған сынамасының оң нәтиже көрсеткенін айтты деп жазады Lenta.ru.
Кейінірек ол карантинде оқшаулануға міндетті болғаны үшін өзін нашар сезінетінін жазды.
Ал 4 шілде күні ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.
Ричард соңғы рет Facebook-те: "Өзгелерге мін таққанды ұнатқыштар, мені жұмақта көрсеңдер, таң қалмаңдар", - деп жазған екен.
Желі қолданушылары Роуздың 28 сәуірде жазған жазбасын тапқан. Ол жерде жігіт маска сатып алып, тақпайтынын жазыпты.
Олар оның қайтыс болуына байланысты жүздеген пікір қалдырды.
Дереккөздің ақпаратынша, Роуз - бұрынғы әскери адам. Ол әскерде тоғыз жыл қызмет етті, Ирак пен Ауғанстанға сапар шегіп, үйде қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы азаматтың коронавирустың арқасында 25 келі салмақ тастағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Сэнделл пандемияның алдында 121 келі болған. Алайда ол жаңалықтардан коронавирус жұқтырған жағдайда артық салмақтың оны одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін естіп, денсаулығын қолға алмақ болыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864941-koronavirusty-hajp-dep-atagan-zigit-infekciadan-kz-zmdy/