Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

32 жастағы азамат коронавирустың арқасында 25 келі салмақ тастады

Опубликовано:

АҚШ-тың Массачусетс штатында 32 жастағы Шон Сэнделл есімді тұрғын карантин кезінде өзін-өзі оқшаулап, 25 келіге арықтаған. Айтуынша, оның салмақ тастауына пандемия негіз болыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Ер адам коронавирустың арқасында 25 келіге арықтады
Фото: lenta.ru: UGC

Сэнделл пандемияның алдында 121 келі болған. Алайда ол жаңалықтардан коронавирус жұқтырған жағдайда артық салмақтың оны одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін естіпті.

Сол сәтте жігіт денсаулығын қолға алуға шешім қабылдапты.

Сондай-ақ, бір және төрт жасар балалары бар Сэнделл отбасымен бірге демалыс сайын Флоридаға сапар шегеді. Сол себепті ол саяхат кезінде өзін шектемеуді жөн көрді.

Айта кету керек, ер адамның әйелі диетолог маман. Сол себепті ол арықтау мәселесінде жұбайының көмегіне жүгінуді жөн көрді.

"Мен өзіме күн сайын жаяу жүруді мақсат етіп қойдым. Кішкентай балам жатқан арбаны сүйреп, 11-ден 14 шақырымға жүрдім және күніне сегіз шақырым жүгірдім", - деді Санделл.

Сонымен қатар, ол ас мәзірін толығымен өзгертті, бұрын соңды жеген чипсы мен қуырылған картоптан бас тартты, сонымен қатар аптасына бір-екі тілім нан ғана жеумен шектелді.

"Карантин басталғаннан бері 13 апта өтті, қазір менің салмағым 95 келі. Осы уақыт ішінде мен 25 келі тастадым. Мен өзімді тек физикалық қана емес, психологиялық тұрғыдан да тамаша сезінемін", - деді ол.

Ер адам өзінің жетістіктерімен мақтанады және көмек үшін әйеліне ризашылық білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 108 келі болған бойжеткен адам танымастай өзгеріп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862915-32-zastagy-azamat-koronavirusty-arkasynda-25-keli-salmak-tastady/

pixel