Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші әйелім құптамады": Айдарқұловтың балалары неге өзара араласпайды

Опубликовано:

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұрақтарды жаудырған халықпен тікелей эфирде сөйлесті. Жақында ғана екінші әйелі Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен өнер иесі бірқатар тың мәліметпен бөліскен. Ол екі некеде туған перзенттері не себепті өзара араласпайтынын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov.
Фото: Instagram/daurenaidarkulov.: Instagram

Дәурен Айдарқұлов қос некесіндегі балаларының бір-бірімен араласқанын аса қатты қалайды. Алайда, актердің бірінші әйелі мұндайды мүлдем құптамайтын көрінеді. Киножұлдыз тіпті кезінде оған айтпай, перзенттерінің басын қосқан болып шықты. Бірақ, бәрі сәтсіз аяқталған.

"Оларды қоспақ болғанмын. Бір кездері тіпті бірінші әйеліме айтпай, балалардың басын қостым. Бұрынғы келіншегім мұндайды аса құптамайды. Оның олай істеуіне өз себебі бар. Оны сіздер де түсініп те, біліп те тұрсыздар ғой. Алайда, кейін ол бұл кездесу туралы біліп қойды. Үлкен ұлым абайсызда айтып қояды. Содан бері екі некедегі балаларым әзірге қауышпай жүр. Алайда, басты себеп бұл емес. Негізгі себеп - олардың екі қалада тұрып жатқанында. Бәрақ, бәрі әлі алда. Алла қалауымен ол күнге де жетерміз" , - деп ағынан жарылды Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, екі рет отау құрып ажырасқан Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесінен үш, екінші отбасынан екі баласы бар.

Актердің балалары туралы айтқан тікелей эфирінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865175-birinsi-jelim-kptamady-ajdarklovty-balalary-nege-zara-aralaspajdy/

pixel