Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда перзентханада босанған ана сәбиімен еденде жатыр

Опубликовано:

Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы периниталдық орталықтың біріндегі былықты әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда перзентханада босанған ана сәбиімен еденде жатыр
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы: Getty Images

Аты-жөнін атамаған әйелдің айтуынша, оның сіңлісі қалалық нөмірі бірінші көпбейінді ауруханада 18 шілде күні босанған. Бірақ акушерлік бөлімде жас анаға орын жетпей, кейін ол сәбиімен бірге дәлізде түнепті.

Сондай-ақ, шағымданушы ауруханада нәрестені орайтын жаялық пен арнайы медициналық бесіктің де аз екенін айтады. Сөзінің растығын ол фотомен дәйектепті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы бұл олқылыққа қатысты телефон арқылы пікір білдірді.

"№1 көпбейінді қалалық акушерлік бөлімінде төсек орындары жеткілікті деңгейде екенін хабарлаймыз. Босанатын әйелдерге орындар жеткілікті. Осы факт бойынша басшының орынбасарына сөгіс жарияланды",- деді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандық журналист Айнаш Есәлі бүгінде коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген ақ халатты жақынының өмірі жайлы баяндаған еді. Айтуынша, науқастардың өмірімен арпалысқан дәрігер үйінде күйеуінің де қорлығына төзуге мәжбүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866153-nr-sltanda-perzenthanada-bosangan-ana-sbiimen-edende-zatyr/

pixel