RU

"Хиросима мен Нагасакиге ұқсас": Бейрут губернаторы жарылыс жайлы айтып, жылап жіберді (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Бейрут губернаторы Марван Аббуд күні кеше орын алған жарылысты жапониялық Хиросима мен Нагасаки қалаларына жасалынған ядролық соққылармен салыстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: youtube.com/user/skynewsarabia

Видеодан кадр: youtube.com/user/skynewsarabia: Depositphotos

РИА Новости басылымының жазуынша, Бейрут губернаторының оқиғаға қатысты пікір білдірген сәті барлық мемлекеттік телеарналар арқылы көрсетілген.

"Орын алған оқиға Жапониядағы Хиросима мен Нагасакиге ұқсас болды" , - деді саясаткер.

Айта кету керек, жапониялық қалалардағы атомдық шабуылдар да тамыз айында болған (6-сы Хиросима және 9-ы Нагасаки).

Аббудтың мәлімдеуінше, жарылыс аумағына аттанған өрт сөндірушілердің бір тобымен байланыс үзіліп қалған. Жалынмен күресушілердің қазіргі таңда қай жерде екені белгісіз.

Ғаламтор кеңістігінде Марван Аббудтың жергілікті журналистерге жантүршігерлік оқиға жайлы айтып жатқан видеосы тарап кетті. Саясаткер сұхбат барысында өзін-өзі әрең ұстағанымен, көз жасын тыя алмаған. Губернатор жылап жіберіп, шамалы уақыттан кейін сөзін жалғастырған.

Тағы да оқыңыздар

Бейрутте көп жыл бұрын тәркіленген контрабандалық жүк жарылған болуы мүмкін

Life.ru сайтының хабарлауынша, Ливан астанасындағы жарылыстың күші Рихтер деңгейі бойынша 4,5 баллға тең болған. Бұл мәліметтерді иорданиялық сейсмолог мамандар тіркеді.

Сейсмологиялық қызметтің басшысы Махмуд аль-Карьюти жарылыс кезінде энергияның ауқымды атылуы орын алғанын мәлімдеді.

Жарылыс тіпті Кипрде де естілген. Белгілі болғандай, ол Бейруттен 240 шақырым жерде орналасқан Никосия қаласына да жеткен. Оған қоса, жарылысты мемлекеттің батысында тұратын адамдар да естіген.

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тапты.

Желіде Бейрут тұрғындарының жарылыстан кейінгі әсерлерімен бөліскен видеосы тарап кетті. Олар төтенше жағдай кезінде не көргендерін айтып берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Хиросима мен Нагасакиге ұқсас": Бейрут губернаторы жарылыс жайлы айтып, жылап жіберді (видео)