Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мейрамханалардың бірінің маңында атыс болып, бір адам қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

шымкент
Фото: Отырар арнасы

Шымкентте кеше 10 тамызда кешкі уақытта дәмханалардың бірінің маңында атыс болып, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган әзірге тек бір адамның ғана қайтыс болғанын растады. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге айтылмады.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған тағы бір жігіт аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

1985 жылы туған ер адамға дәрігерлердің ота жасағаны белгілі болды.

"Күрделі ота болғандықтан үш бригада, яғни үш бірдей хирург науқастың өмірі үшін күресті. Ота 3 сағаттан аса уақыт жасалды. Ота жасау нәтижесінде жарақат алған дене мүшелері қалпына келтірілген. Қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы бірқалыпты ауыр. Қосымша тексеруді, отаны қажет етеді.
Науқастың жағдайы тұрақталған соң дәрігерлер тағы да тексеріп екінші кезеңді ота жасауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

35 жастағы жігіттің екі аяғы мен омыртқасында оқ жарақаты болған және қатты соққыдан іш құрылысы зақымданған.

шымкент
Фото: Отырар арнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қолға түскенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Омбы тұрғыны 33 жастағы аяғы ауыр сүйіктісін өлтіріп, денесін өртеп жіберген деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868995-symkentte-mejramhanalardy-birinde-atys-bolyp-bir-adam-kajtys-boldy-foto/

pixel