Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

НАСА ғарышкері күл-талқаны шыққан Бейруттың көктен түсірілген суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Бейруттағы жарылыс
Фото: twitter.com/Astro_SEAL

НАСА ғарышкері Кристофер Кэссиди жарылыстан қираған Бейрутты көрсетті. Ол суретті ғарыштан түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кристофердің көктен түсірген фотосы Twitter желісіндегі парақшада жарияланды.

"Бейрут туралы ойлап отырмын. Жақында болған қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің барлығына тілекшімін. Мен сіздермен біргемін", - деп жазды ол сурет тұсына.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта жойқын жарылыс болып, қала тұрғындарының зәресін ұшырды.

Олар ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Алайда кейін Бейрут портында жарылыс болғаны анықталды.

Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Кейіннен Бейруттағы жарылыстан кейінгі тергеу барысында Ливан билігі 16 адамды қамауға алды. Олардың арасында Бейрут портының бас директоры Хасан Корайтем де бар.

Әскери сотта үкіметтің өкілі судья Фади Акики порттың жұмысшыларынан жауап алынып жатқанын да атап өтті.

Бұған дейін елдің орталық банкі жеті адамның, соның ішінде порт директоры мен Ливан кеден басшысының шоттарын бұғаттап тастағынын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, қайғылы оқиғадан кейін Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетті.

Елдің көлік министрі Мишель Наджар отставкаға кету туралы шешім үкіметтің жауапкершіліктен қашқанын білдірмейтінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869202-garysker-bejruttagy-zarylys-stin-tsirip-aldy-foto/

pixel