Банк картасымен қай жерде төлем жасау қауіпті екенін білесіз бе
Жарияланған күні:
Қазіргі кезде банк картасымен төлем жасау қалыпты жағдайға айналды. Алайда интернет арқылы сатып алынатын заттардың ақшасын осы әдіспен өтеу әлі де болса қауіпті. Себебі алаяқтар түрлі тәсілдерді пайдаланып, сізді тақырға отырғызып кетуі әбден мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы Ресейдің қауіпсіздік жүйелері орталығының бөлім басшысы Алексей Сизов РИА Новости басылымына айтып берді.
Оның сөзінше, қазіргі кезде жалған сайттар көп.
"Тауарға төлем жасап, алаяқтардың торына түсіп қалу қаупі бар. Мұндай сайттардың көбінесе шынайы сайттардан еш ерекшелігі болмайды", - дейді маман.
Сизов алаяқтарға алданып қалмау үшін бірқатар ережені сақтау керек екенін ескертті.
- Біріншіден, тек онлайн сатып алуға арналған жеке есепшоты бар арнайы карта керек. Оның ішіне сатып алынатын тауар құнынан артық ақша салмаған жөн.
- Екіншіден, тексерілмеген сайттардан қомақты сомаға тауар сатып алмау керек.
- Үшіншіден, өзіңіздің жеке ақпаратыңызды ешкімге айтпаған абзал. Маман банк немесе дүкен қызметкері хабарласса да, жеке ақпаратты бөлісуге болмайды, дейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда 45 жастағы қала тұрғынының 15 мың теңгесін қолды қылған 24 жастағы жігіт жайлы жазған едік.
Сондай-ақ, Петропавлда 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869394-bank-kartasymen-kaj-zerde-tlem-zasau-kauipti-ekenin-bilesiz-be/