Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасынан айырылып, үш бауырымен қалған астаналық бойжеткен көмек сұрады

Опубликовано:

Ділнас1
Фото: Ділнастың жеке мұрағатынан

Үш бауырын өз қамқорлығына алған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны Ділнас Шәріпбаева қазақстандықтардан көмек сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

19 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, студент Ділнас Шәріпбаева қазақстандықтардан көмек сұрады.

Ол бесінші тамыздан бастап төрт адамнан тұратын отбасының үлкені. Бойжеткен үш жасөспірім бауырын – екі інісі мен бір сіңлісін қамқорлығына алыпты.

"2007 жылы әкем жіті ми қанайналымы мен созылмалы жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен қайтыс болды. 2020 жылдың 8 шілдесінде анам Covid-19-дан көз жұмды. Бір айдан кейін, 5 тамызда үлкен ағам суға кетіп қайтыс болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Мен бір сәтте өте қиын жағдайға тап болдым, өйткені менің қолымда 12, 14, 16 жастағы үш бауырым қалды", – дейді бойжеткен Facebook-тегі парақшасында.

Анасы қайтыс болғаннан кейін бойжеткен бауырларын өз қамқорлығына алып, құжаттарын рәсімдеген. Енді ол бауырларына білім беруі керек, алайда қаржылық жағынан қиналып отыр.

"Қазір жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап жатырмын, бірақ менің тапқан ақшама балаларды асырау және үйдің ақшасын төлеу мүмкін емес. Мен үйге кезекке тұруға тырыстым, алайда үй кезегіне тұруға болатындардың бірде бір санатына сай келмеймін. Мен 19 жастамын, маған тіпті ипотека да берілмейді", – дейді Ділнас.

Бойжеткен мұндай жағдайда кімнен көмек сұрарын білмей отыр, себебі мемлекет тарапынан үй алып беру жағдайы қарастырылмаған. Сондықтан ол барша қазақстандықтан көмек пен кеңес сұрады.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында екі бірдей баласы ауыр дертке шалдыққан әке жомарт жандардан көмек сұраған еді.

Айта кету керек, 11 жастағы қыз бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Оны өгей әкесі мен немера ағасы қорлаған. Бұл сұмдық алты айдан астам уақытқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871139-ata-anasynan-ajyrylyp-s-bauyrymen-kalgan-astanalyk-bojzetken-kmek-srady/

pixel