11 жастағы қыз баланы өгей әкесі мен туыс ағасы жарты жылдан астам уақыт зорлап келген
Жарияланған күні:
11 жастағы қыз бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Оны өгей әкесі мен немера ағасы қорлаған. Бұл сұмдық алты айдан астам уақытқа созылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Қазіргі кезде қыз бала 12 жаста. Баланың мүддесі үшін оның деректері мен қылмыс орны айтылмайды деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Жеті ай аралығында жасөспірім қыз 39 жастағы өгей әкесі, мен 29 жастағы туыс ағасынан бірнеше мәрте зорлық көрген. Анасының күйеуі бұрын сотталған екен.
Жасөспірім қыздың айтуынша, өгей әкесі анасымен айырылысқан соң, оның азабы тоқтайды деп үміттенген. Алайда немере ағасы пайда болып, туысқандарына өгей әкесімен болған жыныстық қатынастар туралы айтып беремін деп қорқытқан көрінеді. Осылайш, қыз баланы "жақыныда" зорлай бастапты.
Біршама уақыттан соң отбасында болып жатқан сұмдықты полиция қызметкерлері естіген. Күдіктілер қамауға алынды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл басынан бері, кәмелеттік жасқа толмаған 550 бала педофил құрбаны болған. Олардың дені 14 жасқа толмаған қыз балалар. Ведомство өкілдері балаға зорлық жасағандардың басым көпшілігі жақын туысы екенін жасырған жоқ.
Одан бөлек, жүздеген факті белгісіз күйде қалуы мүмкін.
"Мұндай қылмыстардың ашылмай жатуына өзіндік себебі бар. Балалар көбіне айтпайды, ішінде сақтайды. Сондықтан тергеуші баланың сеніміне кіру үшін бөлмені балаларға арнап дайындаймыз. Ойыншықтар қоямыз. Тергеу міндетті түрде психологтың қатысуымен өтеді. Бала алдымен жақынына айтуы мүмкін. Бірақ олар полицияға айтпай, іштей тынатын жағдайлар да кездеседі", - дейді ІІМ ӘПК ювеналды полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов.
Сонымен қатар, ішкі істер органдары педофилдердің әлеуметтік портретін былайша сипаттайды. 18 бен 29 жас аралығындағы азамат. Арнайы орта білімі бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және сотталмаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскенін хабарлаған едік.
Сонымен қатар Оралда белгісіз азаматтың алты жасар қызды ойын алаңынан алып кетпек болғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870973-11-zastagy-kyz-balany-gej-kesi-men-tuys-agasy-zarty-zyldan-astam-uakyt-zorlap-kelgen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.