Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесі мінсіз": Төстартқыш кимеген Жолдыбаева ерлерді еліктірді

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева мотоциклдің үстінде
Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

"КешYOU" тобында өнер көрсетіп танылған Кәмшат Жолдыбаева кезекті ашық фотосессиясымен ерлер қауымын естен тандырды. Шоу-бизнес жұлдызы бұл жолы төстартқышсыз қысқа киім киіп, бар дене сымбатын паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде әншілігі мен актрисалық мансабын қатар алып жүрген Кәмшат Жолдыбаеваға енді сенімді түрде модель атана беруге болады. Өнер иесі түрлі образдағы сансыз фотосессияға қатысып үлгерген сыңайлы.

Олардың барлығында әнші талдырмаш мүсінін барынша көрсетіп, ерлер қауымын өзіне қаратқаны анық. Бұл жолы да шоу-бизнес сылқымы "еліктіргіш" образда бой көрсеткен. Фотодан Жолдыбаеваның төстарқышсыз әрі қысқа киіммен мотоциклдің үстінде отырғанын көруге болады.

Оның кезекті ашық образы біріне ұнаса, енді біріне мүлдем жақпаған. Қыздар қауымы мен ер-азаматтардың бір бөлігі оны мінсіз мүсіні үшін мақтап жатқанда, келесі бір бөлігі керісінше оның әрекетін аса ерсі санады.

"Өрт сөндірушілерді шақыртыңдар" , "Мына жер ыстық болып кеткен сияқты" , "Денесі мінсіз ғой. Бұл денеге жету арман" , "Ғашықпын сізге, талдырмаш мүсініңізге" , "Денесі оқтай, талай ер адамға армансыз ғой" , "Сізден үлкен мотивация аламын, сіздей болғым келеді" , "Ұят, сөзім жоқ. Бүгінгі күні төстартқышсыз түсу қалыпты жағдай болып кеткеніне күйінемін", "Қазақ қыздары әбден бұзылған", "Өте ерсі екен, төстартқышсыз оған қоса аяғын жалтыратып тастаған", - деп жазған желі қолданушылары Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871170-tstartkyssyz-suretke-tsken-zoldybaeva-erlerdi-eliktirdi/

pixel