RU

42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатты

Джозеф
Фото: Adam Bettcher / Guinness World Records

Шашының ұзындығы 107 сантимерге жететін 42 жастағы азамат Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джозеф Гризамор (JOSEPH Grisamore) ирокез деп аталатын шаш үлгісін жасатқан. Ерекше ұзын шашқа ие азамат осылайша рекорд орнатты. Оның шаш ұзындығы бес жасар баланың бойымен бірдей десе де болады.

Мұндай сәнді шаш үлгісін жасауға ер адамның жан жары Лора мен анасы Кей көмектескен. Олар Джозефтің шашына жарты банка шашқа арналған лакты жағады.

Айта кетерлігі, Джозеф 2006 жылы ең ұзын ирокезге ие азамат ретінде рекорд жаңартпақ болған. Алайда бұл оның қолынан келмеген еді.

Джозеф
Фото: Adam Bettcher/Guinness World Records

Жақында аталмыш Гиннестің рекордтар кітабына 65 жыл толып отыр. 1955 жылдың 27 тамызында жария болған кітап танымал болғаны соншалық, оның миллиондаған данасы жыл сайын бүкіл әлемге таралуда.

Бастапқыда Гиннестің кітабы тек Guinness сыра шығаратын зауыттың жарнамалық парақшасы болатын еді. Алайда бүгінде бұл кітапқа енгісі келетін әлем жұртшылығы түрлі таңғаларлық рекордтарды орнатуға тырысып жатады.

Еске салсақ, бұған дейін біз ерлер арасында нәзік жандылардан қалыспай тырнақ бояу сәнге айналғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек коронавирус індеті пайда болғалы бері әлем назарына іліккен бетперделердің қайталанбас ерекше түрлерін сөз еткенбіз. Індет кезінде де көңіл-күйлерін түсірмеген кей тұрғындар бетпердесін барынша сәнді, ерекше, күлкілі етуге тырысып бағуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871545-42-zastagy-azamat-erekse-zyn-sasymen-rekord-ornatty.html