RU

"Басқа елдерде мұндай жәрдемақы берілген жоқ": Президент 42 500 теңге жайлы айтты

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қанша қазақстандық алғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Оның айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмысы орындарын және халықтың табысын сақтал қалу.

Тоқаев дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды, дейді. Ол уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азамат 42 500 теңге мөлшерінде көмек алғанын жеткізді.

"Бұған 450 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Миллионннан астам азаматқа азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы "Нұр-Отан" партиясы Төрағасының бастамасымен 550 мыңнан астам отбасы "Біргеміз" қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды", - деді президент жолдауында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы жолдауы кезінде дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871952-baska-elderde-mndaj-zrdemaky-berilgen-zok-prezident-42-500-tege-zajly-ajtty.html