Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы басталды (видео)

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ел президенті парламенттің алтыншы сессиясын ашық деп жариялады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын", - деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің - 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңес пен жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ел президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты үндеу жолдаған еді.

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Оған қоса, 27 тамыз күні мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Елбасы өкілінің жазуынша, партия көшбасшысы мен Қасым-Жомарт Тоқаев 28 тамызда өтетін саяси кеңес бюросының отырысында көтерілетін күн тәртібіндегі мәселелер туралы сөз қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871938-kasym-zomart-tokaevty-halykka-zoldauy-bastaldy/

pixel