Германияда әйел бес баласын өлтірді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Германия полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде орналасқан Золингендегі пәтерден денелері табылған бес баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Балаларды өлтірді деген күдікке анасы ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы euronews.com-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, балалардың әжесі полицияға қоңырау шалған, содан кейін тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан пәтерді тексеруге барған.
"27 жастағы ана Дюссельдорфта пойыздың астына түсіп, өмірімен қош айтыспақ болып, ақырында жарақат алып қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр және біз, әрине, болған жағдайға байланысты әйелден жауап алатын боламыз", – дейді полицияның ресми өкілі Штефан Вейнд.
Солтүстік Рейн-Вестфалия ішкі істер министрлігінің басшысы Херберт Ройльдің айтуынша, әйелің жанында оның алтыншы баласы, 11 жасар ұлы болған. Қуанышқа орай, баланың жағдайы жақсы.
Дегенмен оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Балалардың өлімінің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Бұл қылмысты ашумен 40-қа жуық полиция қызметкері айналысып жатыр. Күдікті полицияның қорғауында.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бір отбасын өлтіріп кеткен қанды қол қарақшылар Ресейден іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салған.
Сонымен қатар досын өлтіргені үшін қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуге 11 жылға сотталған ер адам болған оқиғаға қатты өкінетінін және жасаған қылмысы үшін жауап беруге дайын екенін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872549-germaniada-jel-bes-balasyn-ltirdi-degen-kdikke-ilindi/