"Жүзі көз алдымда": Қарындасын қорғамақ болған азамат өз досын өлтірді

Опубликовано:

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Досын өлтіргені үшін қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуге 11 жылға сотталған Ербол болған оқиғаға қатты өкінетінін және жасаған қылмысы үшін жауап беруге дайын екенін айтты. Ер адам сонымен бірге қазіргі уақытта түзеу мекемесінде немен айналысып жатқанымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың қысында туыстары мен достарының арасындағы жанжал жағдайында қазақстандық өзінің досын өлтірген еді. Қазір Ербол Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Жігіт бәрі өте жылдам болғанын есіне алады. Ол сол сәтте мас күйде болған.

"Менің қарындасым бар. Досым онымен кездесіп жүрді. Отбасымызбен жиналған күні ол оны ренжіткен екен. Мен ашуланып, досыма пышақпен жүгірдім. Жарақаты өлімге алып келді. Есіме жиған соң, өз досыма қол жұмсағаныма сене алмадым", – деді Ербол.

Сотталғанның айтуынша, ол бұл әрекетіне қатты өкінеді және жасаған қылмысы үшін жауап беруге дайын.

Ерболмен түрмеде психологтар жұмыс істеді. Осы жылдың басынан бастап Ербол балапандар өсірілетін өндірістік мекемеге ақылы жұмысқа орналасты. Мұнда ол бөдене балапандарын шығару технологиясын оқып зерттеді.

Сатуға күн сайын 150-180 жұмыртқа жиналады, және инкубациялау үшін жаңа жұмыртқаларды таңдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Домалақ әрі қатты зат көз алдыңда тірі сүйкімді тіршілік иесіне айналғанды көру, бұл ғажап. Бұл күнделікті қажырлы еңбектің арқасында жүзеге асады. Күн сайын мен қатыгездік пен мейірімділік арасындағы көпірге тап боламын. Досымның жүзі мен қатерлі сәт көз алдымда тұрады. Осылайша мекеме әкімшілігі тәрбие жұмысын жүргізетінін білемін, бұл маған жағымды әсер етеді", – деді сотталған.

Еске салсақ, "Қара бүркіт" колониясының басшысын заң жүзінде тұтқындалған еді. Қостанайдың тергеу соты оған осындай бұлтартпау шарасын тағайындады.

Сонымен қатар, Орал қаласында өткен жылдың қараша айында қолына қару, гранат ұстаған ер адам нотариус болып жұмыс істейтін әйелін кепілге алып, тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған болатын. Сол уақытта құқық қорғау қызметкерлері 6 сағат бойы келіссөздер жүргізіп, жәбірленушіні құтқарған еді. Осы оқиғадан тоғыз ай өткен соң кепілге алынған Ираида Исламғалиева алғаш рет сұхбат берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871927-zzi-kz-aldymda-karyndasyn-korgamak-bolgan-azamat-z-dosyn-ltirdi/