RU

"Жақында үйлену тойы еді": Ақтөбе облысында анасы мен ұлы бір түнде өз-өзіне қол салды

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мен оның ұлы бір түнде өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Диапазонға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Шұбарши ауылында 12 қыркүйек күні түнгі 11-лер шамасында орын алды.

Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің арасында жанжал болып, 63 жастағы әйел газ құбырына асылып қалыпты. Ұлы анасын жіптен шешіп алуға әрекеттенгенімен, жергілікті тұрғын көз жұмған.

Бұл қазаны ауыр қабылдаған азамат сол сәтте өзіне пышақ жарақатын салған. 28 жастағы азаматты құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай тіркелген уақытта анасы мен ұлы үйде жалғыз болмаған: олармен бірге әйелдің күйеуі және басқа да туыстары бар еді.

Жас жігіт туыстары жедел жәрдем шақырып жатқанда өз-өзіне қол салған. Тура бір аптадан кейін, 19 қыркүйек күні ол үйлену керек болған. Азамат жақында болашақ қалыңдығын алып келіп, туыстарымен таныстырып, шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдап қойған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, Алматыда ер адам 32 жастағы әйелді пышақтап тастағаны туралы жазған едік. Тағы екі адам ауыр жарақаттар алған. Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайы белгілі болды.

Одан бөлек, Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгіргенін жазған едік. Тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камераларынан алынған видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Оған қоса, Оралда қарапайым отбасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 69 жастағы әйел күйеуінің жүрегіне пышақ тығып алған, соның салдарынан ер адам көз жұмды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1874041-zakynda-jlenu-tojy-edi-aktbe-oblysynda-anasy-men-ly-bir-tnde-zderine-kol-saldy.html