RU

Алматыда көпірден секірген ер адам көз жұмды

Көпірден секірген
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда белгісіз ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Ол Сүйінбай даңғылындағы көпірден секірген деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, сағат 13:00-де ЖБО-ға болған жайт туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта марқұмның жеке тұлғасы анықталуда, оның жеке басын куәландыратын құжаттар болған жоқ", - деп хабарланды полиция департаментінде.

Жетісу ауданының полицейлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Көп ұзамай іс-әрекеттің себебі және оқиғаның басқа жағдайлары анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда полицейлер көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалған еді.

Қызды құтқару операциясы видеоға түсіріліп, Instagram желісіндегі krisp.almaty парақшасына салынды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда блок-бекет маңында өз-өзіне қол салмақ болған аруды әскери құтқарып қалған болатын.

Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-курс студенті Мейрамбек Найсекенов қараңғыдан көпір таянышының ар жағында тұрған әйел адамға ұқсаған мүсінді байқаған.

Жас жігіт бойжеткенге көмектесуге асыққан. Уақытылы әрекет еткен курсант аруды қолынан ұстап, таяныштан тартып шығарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874832-almatyda-kpirden-sekirgen-er-adam-kz-zmdy.html