Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейлер көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарды (видео)

Опубликовано:

Қол жұмсау
Фото: Видеодан кадр

Алматы полициясы жол көпірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған жас қызды құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызды құтқару операциясы видеоға түсіріліп, Instagram желісіндегі krisp.almaty парақшасына салынды.

"Бүгін Сәтбаев-Байзақов көпірінде Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды. Бұл туралы Almaty Towers күзет бөлімінің басшысы хабарлады ... ол 102 және Төтенше жағдайлар министрлігіне де қоңырау шалды", - деп жазған жазба авторы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда блок-бекет маңында өз-өзіне қол салмақ болған аруды әскери құтқарып қалған болатын.

Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-курс студенті Мейрамбек Найсекенов қараңғыдан көпір таянышының ар жағында тұрған әйел адамға ұқсаған мүсінді байқаған.

Жас жігіт бойжеткенге көмектесуге асыққан. Уақытылы әрекет еткен курсант аруды қолынан ұстап, таяныштан тартып шығарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалған еді.

Ақтөбе патрульдік-күзет қызметі 11 шағын ауданындағы көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарды.

Кезекті шақыртудан келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Махин мен Нұрбек Кенжеханов 11 шағын ауданы мен Құрмыш ауданы арасындағы көпірден қыздың секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен кезде, бірден көмекке жүгірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873589-almatyda-policejler-kpirden-sekirmek-bolgan-bojzetkendi-ktkardy-video/

pixel