Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: Шенеуніктердің жалақысы көтеріле ме

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысы ОКҚ-дағы онлайн брифингте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерде лайықты жалақы мен лайықты әлеуметтік пакет болуы керек екенін атап өтті. Ол мұның сыбайлас жемқорлықты жоюға көмектесетініне сенімді.

"Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметкер лайықты жалақы алады және оларға қандай да бір сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, өзін ластаудың қажеті жоқ", - деді Жайылғанова.

Ол шенеуніктердің санын қысқарту арқылы Президенттің тапсырмасы бойынша қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын еске салды. Алайда ол шенеуніктердің жалақысы қашан және қаншаға өсетіні туралы сұраққа жауап беруге қиналды. Бірақ ол ел басшылығы шешім қабылдағаннан кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға уәде берді.

"Қаншаға өсетінін қазір айта алмаймын. 2021 жылы барлық мемлекеттік органдарда факторлы-балдық шкала енгізіледі және бұл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсуіне әсер етуі мүмкін. Ал лайықты әлеуметтік пакет - бұл мемлекеттік қызметкерлер алатын медициналық жеңілдіктер. Кейбір санаторийлерде демалуға мүмкіндік беріледі. Қызметкер заңды бұзбай отбасын да қамтамасыз етуі үшін әлеуметтік пакет пен лайықты жалақы бекітіледі", - деп түйіндеді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық әкім миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген еді.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінің бірінің басшысына іс қозғалғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875105-sybajlas-zemkorlykka-karsy-kres-seneunikterdi-zalakysy-kterile-me/

pixel