Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызмет үшін 2 млн теңге: Еңбек министрлігі басшыларының бірі істі болды

Опубликовано:

қол қою1
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінің бірінің басшысына іс қозғалғаны айтылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, шенеунік қол астындағы адамның қызметке жетуі үшін пара алған болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Жамбыл облысы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің жетекшісіне қатысты іс қозғалған.

Шенеунік 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол параны өзінің орынбасарынан алып, оны аталған қызметке тағайындаған.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, департамент басшысын үй қамауына алған. Әзірге тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың шағымдарынан кейін коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізгенін хабарлаған болатынбыз. Қадағалаушы орган олардың қызметіндегі заң бұзушылықтарды анықтаған.

Сондай-ақ, биыл 27 наурызда қаамуға алынған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуаныш Ысқақовтың ісіне қатысты сот процесі басталды.

Ең алдымен кугерлерден жауап алынды. "Бақ-Береке 2030" құрылыс компаниясының басшысы Айбек Ерназаров 80 млн теңгенің қалай жымқырылып, қайда жұмсалғанын айтып берді.

Сондай-ақ, елордалық банктердің бірінің менеджері бірнеше ай бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875075-kyzmet-sin-2-mln-tege-ebek-ministrligi-bassylaryny-biri-isti-boldy/

pixel