RU

"Өлгім келмейді": "Тақтар таласындағы" актер көпшілікке мәлімдеме жасады (видео)

Шон Бин
Фото: segodnya.ua

"Тақтар таласы" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актер Шон Бин ендігі ешбір фильмде "өлгісі келмейтінін" мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шон Бинді көпшілік "Голливудтың басты өлімшісі" деп атап кеткен. Себебі, актер өз мансабында өмірі қысқа адамдардың рөлін жиі сомдайды екен. Ол телехикаялар мен фильмдерде 25 рет "өліп" үлгеріпті.

Кей табынушылар оның фильмде бой көрсетуінің өзі аталмыш персонаждың ұзаққа бармайтынын аңдататынын айтып, қалжыңдауға көшкен. Ал 2014 жылы "Шон Бинді өлтірмеңдер" деген флешмоб бастаған желі қолданушыларына актердің өзі де қосыла жөнеліпті.

Шон Бин
Фото: bigpicture.ru

Жақында актер көптен күткен мәлімдеме жасады. Ол ендігі ешбір фильмде "өлгісі" келмейтінін айтуда. Ол "өлімге душар болатындардың" рөлінен бас тартып, тек соққыға жығылатындардың рөлін сомдауға келісетінін The Sun басылымына мәлімдеген.

"Мен мұны тоқтатып, өмір үшін күрес бастауым керек. Олай етпесем, бәрін алдын ала болжауға болатын күйге түсеміз", - дейді Бин.
Шон Бин
Фото: bigpicture.ru

Осылайша актер өз фильмінде актердің тағдырын ешкім болжай алмайтынын қалаған. Десе де оның енді "өлімге душар болатындарды" сомдамаймын деуі, персонажы фильмде мүлде қаза болмайтынын болжауға мүмкіндік береді. Себебі, актерге жиі жүгінетін продюсерлер ендігі оны "өлтірмеуге" уәде беріпті.

Расымен актердің рөлдерінің дені өліммен аяқталып жатады. Олардың бірқатарына көз жүгіртіп көрелік.

Бинді "Жүзіктер әміршісінде", "Қара өлімде", "Тақтар таласында", "Алаң" фильмінде және өзге де телехикаяларда "өлтіріп тастайды".

Еске салсақ, бұған дейін біз бояумен кез келген жұлдыздың "көшірмесіне" айналатын жігіт көпті таңдай қақтырғанан жазған едік.

Одан бөлек, 20 ғасырдың хас сұлуы Одри Хепберн не себепті өз келбетінен ұялып келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875288-lgim-kelmejdi-taktar-talasyndagy-akter-kpsilikke-mlimdeme-zasady-video.html