Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бояумен кез келген жұлдыздың "көшірмесіне" айналатын жігіт көпті таңдай қақтырды

Опубликовано:

Алексис
Фото: Instagram

Визажист әрі дизайнер Алексис Стоун шебер бояна алуының арқасында кез келген жұлдыздың "егізіне" айнала алады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Ұлыбританияның Лондон қаласында тұратын азамат макияжды шебер меңгергені соншалық, келбетін қалаған әлем жұлдызына ұқсата алады.

Әлеуметтік желіде суреттерімен бөлісетін 26 жастағы жігіттің парақшасына бүгінде миллионға жуық адам жазылған.

Ол ұзақ уақыт бойы пластикалық ота құрбаны ретінде жұртты алдап келгенінің арқасында бір сәтте жұлдызға айналады.

Алексис
Фото: Instagram

Көпшілік оның расымен сәтсіз ота жасатқан келіншек екеніне сеніп қалған. Жігіттің шын есімі - Эллиотт Джозеф Ренц.

Жас жігіт осылайша нәзік жандыларды пластикалық отаға әуес болмауға шақырмақ болған.

Ең таң қаларлығы Алексис өзін кез келген жұлдызға ұқсатып бояу үшін небәрі бір-екі сағат жұмсайды екен.

«Өзімді өзгеге айналдырған маған ұнайды. Күн сайын келбетімді өзгертіп, бір сәтке өзге адамға айналу мені және айналамдағы адамдарды шығармашылыққа ынталандыра түседі. Негізі менің шеберлігімнің басты құпиясы - адамның бет-әлпетін жақсы зерттей білуімде. Ал біреуге ұқсау үшін макияжды қолдану - бұл шеберліктің тек бір бөлігі ғана", — дейді Bored Panda басылымына сұхбат берген Алексис.

Сонымен, Алексистің Instagram желісінде жарияланған көздің жауын алатын таңдай қақтырарлық бірқатар жұмыстарына көз жүгіртіп көрелік.

Еске салсақ, бұған дейін ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқан 42 жастағы азамат пен үйін ертегі әлеміне айналдырған отбасы туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871566-boaumen-kez-kelgen-zldyzdy-ksirmesine-ajnalatyn-zigit-kpti-tadaj-kaktyrdy/

pixel