Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай азық-түлік өнімдерін таңғы асқа тұтыну қауіпті екенін білесіз бе

Опубликовано:

таңғы ас
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог-дәрігер Инна Кононенко таңғы аста денсаулыққа зиян келтіретін азық-түліктерді атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігер бірінші кезекте таңғы аста тез дайындалатын ботқаларды тұтынбауға кеңес берді. Олар қандағы қант деңгейін күрт арттырады және инсулиннің бөлінуін қоздырады.

"Нәтижесінде асқазанда ботқа қалмайды, қанда глюкоза болмай, адам қайтадан тамақ жегісі келеді", – деп түсіндірді маман.

Сондай-ақ "зиянды таңғы астардың" тізіміне сүтпен немесе шырынмен арластырылған мюсли мен қауыздар, бутербродтар және тостер наны мен джем кіреді.

Бұдан бөлек, диетолог жаңа сығылған шырындар мен смузидің пайдасы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, олардың құрамында жоғары мөлшерде қант болады. Оның үстіне, фруктоза мөлшері жеміс түріне байланысты.

"Бір жағынан, бұл – глюкоза, ал екінші жағынан – фруктоза. Фруктозаның барлығы бірден бауырға түсіп, онда бауыр майына айналады. Содан артық салмақ пайда болады", – деп түйіндеді Кононенко.

Айта кетейік, бұған дейін аспаз әрі блогер Нурия Дианова фастфуд тағамдардағы кейбір өнімдерді алмастыру арқылы оны біршама пайдалы етуге болатынын алға тартқан еді.

Ол пайдалы өнімдермен дәл сондай дәмді фастфудты жасау мүмкін емес екенін бірден атап өтті. Алайда, рецептті ішінара өзгерту арқылы тіл үйіретін әрі пайдалы десерт алуға болатынын жеткізді.

Сондай-ақ бұған дейін Ресейдің тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі су мен тамақта коронавирус анықталуының 46 жағдайын тіркеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875630-kandaj-azyk-tlik-nimderin-tagy-aska-ttynu-kauipti-ekenin-bilesiz-be/

pixel