Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер зиянды тағамды қалай пайдалы етуге болатынын айтып берді

Опубликовано:

Бургерлер
Көрнекі фото: pixabay.com

Аспаз әрі блогер Нурия Дианова фастфуд тағамдардағы кейбір өнімдерді алмастыру арқылы оны біршама пайдалы етуге болады деген пікірді алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Блогер пайдалы өнімдермен дәл сондай дәмді фастфудты жасау мүмкін емес екенін бірден атап өтті. Алайда, рецептті ішінара өзгерту арқылы тіл үйіретін әрі пайдалы десерт алуға болады екен.

"Мысалы, Наполеон тортының калориясын кілегей арқылы азайтуға болады. Бұлғанған майдың орнына қаймақ немесе желатин қосылған сүзбе қолданыңыз. Шарлоткаға салынатын қанттың жартысын құрма пастасы немесе жаңа бананмен алмастыруға болады - ол қантты да, талшықты да, калийді де береді. Бидай ұнға кебек қосуға болады, сонда дәм жоғалып кетпейді, бірақ ұн пайдалы бола түседі", - деп кеңес берді сарапшы.

Тіпті, бургердің өзін үй жағдайында пайдалы етіп әзірлеуге болады екен. Блогердің сөзінше, ол үшін небәрі кейбір өнімдерді алмастырса, жеткілікті.

"Ақ нанды дәнді тоқашпен алмастыруға болады, сондай-ақ, оның арасына майонез емес, йогурт соусын қосыңыз. Котлетті өзіңіз жасаңыз немесе бургерді тауықтың төс етімен жасаңыз", - деді Нурия Дианова.

Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атады.

Айта кетейік, бұған дейін біз ғалымдар балалардың ақылды болып өсуіне не қажет екенін анықтағанын жазға едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873728-bloger-ziandy-tagamdy-kalaj-pajdaly-etuge-bolatynyn-ajtyp-berdi/

pixel