Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Covid-19 салдарынан секс-қуыршаққа үйлене алмаған қазақстандық жігіт шетел назарына ілікті

Опубликовано:

Марго
Фото: panatimes.com

Секс-қуыршаққа коронавирус салдарынан үйлене алмағанын мәлімдеген қазақстандық жігіт шетел басылымының назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Панама елінің PanaTimes атты басылымы қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко туралы мақала жария етті.

Онда шетелдік басылым коронавирус салдарынан секс-қуыршақпен үйлену тойын кейінге шегерген Юрийді сөз еткен.

Марго
Фото: panatimes.com
"Толочко жақында Марго есімді пластикалық көңілдесіне үйленетінін мәлімдеп, әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Ол қуыршақпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет 2019 жылдың мамырында жалпақ жұртқа жария еткен. Толочко Марго есімді секс-қуыршақтың жеке Instagram парақшасын жүргізіп, онда тойға дайындалу сәтімен бөлісіп отырады. Алайда ол жақында Covid-19 салдарынан тойын кейінге шегеретінін мәлімдеді", - деп жазады басылым.
Марго
Фото: panatimes.com

"Достар, той карантин салдарынан кейінге шегерілді. Алайда карантин бітісімен, бірнеше күннен кейін той болады", - деп жазған екен Толочко өз Instagram парақшасындағы 36 мың жазылушысына.

Марго
Фото: panatimes.com
"Десе де жұп некесін қию райынан қайта қоймайтын секілді. Олар желіде танымалдыққа ие болып, тіпті Ресей телешоуларында бой көрсетіп үлгерген. Бодибилдер Маргомен алғаш танысқан күннен бастап жұптары жазылмайтынын айтуда. Тіпті ғашығы үшін ол хинкали әзірлеуді үйренген екен. Басынан талай жайтты өткерген жұп қалайша заңды түрде некесін қиятыны жазылмаған", - деп мақаласын аяқтады басылым.
Марго
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі беделді сән журналы домбырада ойнайтын қазақ қызына тәнті болғанын жазған едік.

Марго
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Одан бөлек, ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875378-covid-19-saldarynan-seks-kuyrsakka-jlene-almagan-kazakstandyk-zigit-setel-nazaryna-ilikti/

pixel