RU

Ресейлік БАҚ қарағандылық сексуалды жас "мұғалімнің" құпиясын ашты

Қыз
Фото: instagram.com/alinaevanss

Қарағандылық сексуалды "ағылшын тілі мұғалімінің" суреттері әлемдік қауымдастықты жаулап алды. Ұстаздың сұлулығына таңданған ерлер қауымы оның сабағына баруды армандап үлгерген. Алайда ресейлік Life.ru порталы шын мәнінде бойжеткеннің өмірі басқаша екенін жазды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Ресейлік БАҚ атап өткендей, 22 жастағы қарағандылық Алина Эванс балаға ағылшын тіліндегі тақырыпты түсіндіріп тұрған сәтте түсірілген суреттермен бүкіл әлемге танымал болған.

Көптеген азамат қысқа қара көйлек киген әдемі қызды бірден байқапты. Жастар таңданысын білдіріп, оның сабағына қатысқысы келетінін де айтқан еді. Алайда олардың арманы орындалмады.

Десе де, кейбіреулер оның киіміне бірден назар аударып, шынымен мұғалім екеніне күмәнданған.

Басылымның мәліметінше, бұл фотосуреттер сахналанған болып шықты. Алина шын мәнінде мұғалім емес.

Бойжеткеннің айтарлықтай ештеңемен айналыспайтыны, тек "бүкіл әлемді шарлап, сәнді демалыс орындарында демалатыны" атап өтілген. Instagtam-да оның өмірін 170 мыңға жуық адам бақылайды екен.

Life.ru қарағандылық арудың сәнді өмір сүретінін, желіде қымбат әтір, фирмалық киім мен элиталық алкогольді көрсететінін, үлкен гүл шоқтарын жиі суретке түсіретінін хабарлады.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары кадр сыртындағы жас жігітке назарын аударды. Суреттегі сәнді көлікке қарағанда оның таршылық көрмей өмір сүретінін аңғаруға болады.

Айта кетейік, жас "мұғалімнің" айналасындағы дау 2017 жылы пайда болды. Осы кезде Алинаның мектеп формасы мен 2016 жылғы түлектің лентасымен түскен фотосуреттері жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды.

Айта кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876214-resejlik-bak-karagandylyk-seksualdy-zas-mgalimni-kpiasyn-asty.html