Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жолаушыны 30 мың теңгеге алдап соққан таксист ұсталды

Опубликовано:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысында полиция жолаушыны 30 мың теңгеге алдап соққан такси жүргізушісін ұстады деп хабарлайды Kaz.Nur.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ол өзіне белгісіз ер адам хабарласып, жоғалған телефонды қайтарып беруге уәде еткенін, алайда алаяқтық жолмен 30 мың теңгені жымқырып, көзден таса болғанын айтты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мас күйінде Шымкент қаласынан үйіне жету үшін таксиге отырған. Үйде ол телефонды машинада жоғалтып алғанын түсініп, жүргізушіге қоңырау шалып, заттарын қайтарып беруін сұрады. Алайда, таксист телефонды қайтарғаны үшін 30 мың теңге талап еткен. Ер адам көрсетілген соманы аударған, бірақ алаяқ телефонды да, ақшаны да қайтарған жоқ. Содан кейін жәбірленуші полицияға шағымданды.

Полиция бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АІІБ-нің полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, күдіктіні ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған адам қылмысын толық мойындады.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға қырағылық танытып, таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Сондай-ақ, жеке деректер мен банктік шот кодтарын бейтаныс адамдармен бөліспеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, онда дереу полицияға "102" телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында тұрғын үйлердің біріне балкон арқылы кірген ұрының ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасағанын жазған едік.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өзін ер адам деп таныстырып, адамдардың ұялы телефонын қолды қылған алаяқ ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876303-trkistan-oblysynda-zolausyny-30-my-tegege-aldap-sokkan-taksist-staldy/

pixel