RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматы облысында телефонын қуаттамақ болған 15 жасар қыз көз жұмды

Жарияланған күні:

Телефон1
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Алматы облысында 9-сынып оқушысы телефонның жарылуы салдарынан қайтыс болды деген хабар тарады. Гаджет қуат көзіне қосулы тұрған. Ақпаратқа облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында Алматы облысы ауылдарының бірінің үйінде болғанын хабарлады.

Электр тогының әсерінен 15 жастағы қыз қайтыс болды.

"Мектеп оқушысының ұялы телефоны электр қуатына қосулы тұрғаны алдын ала анықталды. Телефон арқылы қызды тоқ ұрған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп түсіндірді департаментте.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында ұялы телефонын қуаттау үшін токқа қосып, ұйықтап қалған оқушы қыз мерт болды. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша жеткіншекті тоқ соққан. Марқұм болған қыз бала 9 сыныптың оқушысы.

Оған қоса, Алматы облысында анасы педикулезден емдемек болған екі жасар қыз көз жұмды.

Екі және бес жасар қыздарын педикулезден емдемек болған келіншек әсері мықты ветеринарлық "Неоцидол" қосындысын сатып алыпты. Ол дәріні сумен араластырып, бүлдіршіндердің басына жаққан екен.

Біраз уақыттан соң екі балақайлардың жүректері айнып, ауыздарынан көбік аға бастапты. Бұл жағдайдан шошынған әйел оларды бірден жергілікті амбулаторияға жеткізген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1876702-almaty-oblysynda-telefonyn-kuattamak-bolgan-15-zasar-kyz-kz-zmdy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif