Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Толықпын": Анна Данченко дене бітімі көңілінен шықпайтынын айтты

Опубликовано:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко желідегі оқырмандарына барынша ашылып, өзі үшін аса маңызды тақырыптардың бірін қозғады. Көптеген бойжеткендерге үлгі болып жүрген БАҚ өкілі шын мәнінде өз дене бітіміне көңілі толмайтынын жайып салды. Ол өзін толық адамдар санатына жатқызатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко ішіндегі жан сырын Instagram парақшасында ақтарған. Ол өзін ұзақ уақыт бойы мазалап жүрген артық салмақ мәселесімен бөлісіп, онымен күресу жолдарын да ел назарына ұсынды.

Тележүргізуші өзін әлі де толық деп санайтынын ашық айтты.

"Маған дене бітімім ұнамайды. 11 сыныпта оқып жүрген кезде қатты толық болдым дей алмаймын, бірақ құрбыларыммен салыстырғанда өзімде артық салмақ бар деп естептейтінмін. Сол уақыттан бері менде “кг -дармен күрес”. Өз-өзіме көңілім толмай, кәдімгідей сол үшін ашуланып жүретінмін. Киім алсам да, жараспайтын болып көрінетін. “Арық болсам, бақытты болар едім” деп ойлатын жандардың қатарында мен де болдым. Неше түрлі диеталарға отырдым, спорт залдардан шықпай, өзімді қинап жүрдім. Максимум 8 келі тастасам да, бәрі бір өзіме ұнамайтын жақтарды байқап жүрем. Солай біраз жүрдім.

ТВ саласына келгенде тіптен қиналып кеттім, себебі камера 5-7 келі салмақ қосатыны бар. Соңғы үш жылда ойым түбегейлі өзгерді. Бірақ мен әлі күнге дейін өзімді толықпын деп есептеймін. Алайда “күрессіз жеңіс жоқ”- соны түсіндім. Белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жүйелі түрде жасау керектігін ұқтым. Бір жыл бойы үздіксіз спорт залға барам, күнделікті. Сәрсенбі - демалыс. Ағза да, дене де, бұлшық еттер де демалу керек! Жаттықтырушым - өзімнің сүйіктім! Маған барынша қолдау көрсетіп жүреді. Алғысым шексіз.

Мен диетада отырмаймын. Менің таңдауым - дұрыс тамақтану, яғни тағамдардың калориялық құндылығын есептеп жүрем. Тұз өте аз мөлшерде. Тәттіден бас тарттым. Сүтпен шәй ішуді қойдым. Рационымда - Көбінесе күріш, тауық еті, қияр, жұмыртқа ғана. Анда-санда басқа да тағам түрлерін қосам. Нан өнімдерін жемеймін! Бастапқыда қиындау болды, қазір үйрендім. Сенбі күні - демалыс. Қалаған асты ішуге рұқсат. Бірақ асқазан кішірейіп кеткені соншалықты, көп тамақ жей алмаймын, шұқып-шұқып қоямын.

Түсінгенім - бастысы - денсаулық! Спорт мен диета ағзаға кері әсер етпесе болғаны. Ал, арықтай алмай жүрмін деген сөз - жай ғана еріншек адамның сөзі, сылтау. Шын қалаған болсаңыз ертең демей бүгіннен бастап өзіңізді қолға алыңыз. Қазір мен үшін салмақ емес, форма маңызды. Яғни бұлшық еттердің де салмағы бар. Сондықтан таразыға емес, айнаға қараңыз! Мен әлі де мінсіз келбетпен дене бітімге жете қойған жоқпын, бірақ әрекет етудемін. Біреу үшін емес, өзім үшін! Өзіңізге сеніңіз! Қолыңыздан келеді! Гармония - өте маңызды" , - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876751-tolykpyn-anna-dancenko-dene-bitimi-kilinen-sykpajtynyn-ajtty/

pixel