Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Ресейге қандай жағдайда кіріп-шыға алады: Елшілік түсіндірді

Опубликовано:

ресей
Көрнекі фото: Mark Kolbe/Getty Images

Ресейдің Қазақстандағы елшлілігі қазақстандықтардың елге кіру ережелерін түсіндірді. Әуе бекеттері арқылы кез келген адам шекарадан өте алады. Дегенмен коронавирус жоқтығын растайтын анықтама болуы міндетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, әуе байланысы 21 қыркүйектен бастап қайта жанданған. Рейсті Air Astana және "Аэрофлот" әуе компаниялары жасап жатыр.

"Егер тікелей рейспен келген болса, әуе бақылау-өткізу бекеттеріндегі Ресей шекарасын Қазақстанның барлық санаттағы азаматтары, соның ішінде студенттер де өте алады", - деді елшілік.

Ведомствоның сөзінше, азаматтарда коронавирус жұқтырмағанын растайтын, берілгеніне 72 сағаттан аспайтын анықтама болуы міндетті.

Елшіліктің айтуынша, әуе рейстерінің жандануы шекарадан емін-еркін өтуге болады дегенді білдірмейді.

"Қазіргі уақытта құрлықтық шекарадағы шектеулер сақталған", - деді елшілік.

Құрлық шекарасынан Ресейде тұруға рұқсаты барлар, яғни ресейліктердің ата-аналары, балалары мен жұбайлары ғана өте алады. Олар туыстығын растайтын құжаттарын көрсетуі керек.

Сонымен бірге Ресейге емделу үшін бара жатқан қазақстандықтар да өтеді. Дегенмен олардың қолдарында емхананың шақыртуы болуы керек.

Сондай-ақ, отандастарды көшіру туралы мемлекеттік бағдарлама қатысушылары үшін де шекара ашық. Бұл азаматтар да тиісті куәліктерін алып жүруі тиіс.

Ресей елшілігі бұл шаралардың пандемияға байланысты уақытша екенінін еске салды.

Айта кетейік, ресейлік не шетелдік болсын барлығы да санитарлық дәрігерлердің қаулысын қатаң сақтауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер қайта жанданған еді. Елдер арасындағы әуе қатынасы тамыздың басында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876812-kazakstandyktar-resejge-kandaj-zagdajda-kirip-syga-alady-elsilik-tsindirdi/

pixel