RU

Алматы ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып Мадеева тағайындалды

Жанар Мадеева
Фото: Алматы ҚДБ

Жанар Мадеева Алматы қаласының қоғамдық денсалық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл қызметте бұған дейін Қамалжан Надыров болған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жанар Мадеева жетекші тағайындалғанға дейін ҚДБ басшысы болады. Сонымен қатар, ол Басқарма басшысының орынбасары болып табылады", - деп хабарланды ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚДБ-ның басшысы Қамалжан Надыров қызметінен өз еркімен кеткені хабарланған болатын.

Ол бұл қызметке биыл маусым айында, Тілеухан Әбілдаев қызметінен кеткен соң келген. Алайда шенеунік коронавирус жұқтырып алған соң қызметіне бірден кірісе алмаған болатын.

Кейінірек, Надыров ауруы туралы айтып берді. Сөзінше, дәрігерлер оның екі өкпесінің де қабынғанын анықтаған. Ол кезде Надыров Нұр-Сұлтан қаласында жатып, ем алған. Ауруханада 15 күн жатқан ол нақты процедуралар мен дәрі-дәрмектердің атын атамай, тек "хаттамаға сәйкес" емделгенін айтты.

Денсаулық сақтау мекемесінің басшысы Covid-19 инфекциясын жұқтырғандарға асқынулардың алдын алу үшін дәрігерлердің ұсынысына құлақ асуға кеңес берді.

Бұған дейін Қамалжан Надыров брифинг барысында Департамент коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты құқық қорғау органдарымен тексеру жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Сонымен бірге ол жұмыс тұрақты режимде жүргізіліп жатқанын, жұмысқа ешқандай санкциялардың жоқтығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880325-almaty-kdb-bassysyny-mindetin-atkarusy-bolyp-madeeva-tagajyndaldy.html