Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамалжан Надыров Алматыдағы лауазымды қызметінен кетті

Опубликовано:

Қамалжан Надыров
Қамалжан Надыров. Фото: Алматы қаласы ҚДБ баспасөз қызметі

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, Надыров өз еркімен арыз жазып, қызметінен босатылған.

Қамалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2020 жылдың маусымында тағайындалған. Бұған дейін ол еліміздің денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған.

Ол ҚДБ басшысы ретінде осы жылдың сәуір айында бекітілген еді. Алайда шенеунік коронавирус жұқтырып алған соң қызметіне бірден кірісе алмаған болатын.

Кейінірек, Надыров ауруы туралы айтып берді. Сөзінше, дәрігерлер оның екі өкпесінің де қабынғанын анықтаған. Шенеунік станционарда 15 күн жатқан.

Айта кетсек, Қамалжан Надыров 1983 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген. Медициналық және экономикалық екі жоғары білімі бар. Ол еңбек жолын интерн дәрігер болып бастаған.

Еске сала кетсек, Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Қазақстан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі бірқатар елшісі тағайындалған еді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы әкімдерінің жаңа орынбасарлары тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880310-kamalzan-nadyrov-almatydagy-lauazymdy-kyzmetinen-ketti/

pixel