Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр формада өтті": Надыров коронавируспен қалай ауырғанын айтып берді

Опубликовано:

Жақында коронавируспен ауырған Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ауруы қалай өрбігені туралы айтып берді. Қауіпті инфекциядан Қамалжан Надыровтың өкпесі қабынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауру ауыр формада өрбіді": Надыров коронавируспен қалай ауырғанын айтып берді
Қамалжан Надыров. Фото Facebook парақшадан алынды: UGC

Надыров коронавирус ауыр формаға ұласқанын жасырмады. Алматы қаласының ҚДСБ басшысына өкпенің қабынуы диагнозы қойылған.

Ол кезде Надыров Нұр-Сұлтан қаласында жатып, ем алған.

Ауруханада 15 күн жатқан ол нақты процедуралар мен дәрі-дәрмектердің атын атамай, тек "хаттамаға сәйкес" емделгенін айтты.

Денсаулық сақтау мекемесінің басшысы Covid-19 инфекциясын жұқтырғандарға асқынулардың алдын алу үшін дәрігерлердің ұсынысына құлақ асуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Надыровтың жазылғаны туралы мамыр айының соңында белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары әріптесі емделгеннен кейін алынған тест теріс нәтиже көрсеткенін хабарлады.

Ауруханада жүрген кезінде Надыров коронавирустың қауіптірек екенін жазды.

Статистикаға сәйкес, 25 маусым таңғы уақытта Қазақстанда Covid-19 инфекциясының 500-ден астам жаңа жағдайы тіркелді, осылайша елдегі науқастар саны 19 мыңнан асты.

Өсім 3%-дан аспайды. Жаңа жағдайдың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды.

Бүгінгі күні пациенттердің жалпы санына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы көшбасшы болып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862077-auyr-formada-tti-nadyrov-koronaviruspen-kalaj-auyrganyn-ajtyp-berdi/

pixel