Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 12 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

ОҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған 12 жастағы Балнұр Насырды іздейді. Ол 22 мамыр күні, сағат кешкі тоғыздар шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды ОҚО-ның ІІД-нің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 2016 жылдың 22 мамыр күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не 34 жастағы жергілікті тұрғын 2004 жылы туылған қызының жоғалып кеткенін айтып, арызданады.

Аталған жайт Қаратау АІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелді және жасөспірім Балнұр Насырдың жүрген жерін анықтау үшін барлық ОҚО ІІД ҚАІІБ-на бағдар берілді.

Із-түссіз жоғалған Балнұрды іздеуге ОҚО ІІД Криминалды полиция, Қаратау ПБ, өзге де басқармалардың кәсіби қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Барлық іздестіру шаралары жүргізілуде.

Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: Бойы шамамен 150-155 см, орта денелі, көзі – қара, шашы қара түсті. Киген киімі: жасыл жейде, жасыл түсті шалбар, көк түсті жеңіл аяқ киім.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жоғалған Насыр Балнұр Бахытжанқызы туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда полицияға хабарласуын сұрайды. Тел: 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 «102» немесе ОҚО ІІД-не хабар беруін сұрайды.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында сарбаздың үстіне құрылыс бөлшектері құлап кетті

Алматыдағы «Фэнтези» саябағында аттракцион 15 минут бойы әуеде тұрып қалды

Ақтауда құдықтың ішінен ер адамның мүрдесі табылды

Шымкентте базар өртеніп кетті (фото)

Медеудің төменгі жағында ірі көшкін болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1136496-shymkentte-12-zhastaghy-oqushy-qyz-zhoghalyp-k/

pixel