Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Опубликовано:

Ақтөбе облысының шалғай ауданында тұратын тұрғын өзінің жағдайын баяндап, дін қызметкерлерінен көмек сұрады. Ауылында мешіттің жоқ екенін айтқан ол «Аңсар» ақпараттық талдамалық орталығына хат жазған деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Ол өзінің аты-жөні мен ауылының аты жасырын қалғанын қалайды.

«Мен 3-ші топтағы мүгедекпін. Бұл жайлы айту ұят та болар, бірақ, кімнен сұрарымды білмеймін. Ұйқыда жатқанда қараптан-қарап түннің бір уақытында сілкініп тұратын болып жүрмін. Бір түнде бірнеше рет қайталанады. Таң намазының алдында тұра алмай, бастырылып қиналатын кездерім де болады. Бастырылғанда айналамда не болып жатқанының бәрін білемін»,-  деген көмек сұраушы.

Ол хатында өздігінен сүрелер оқып жүрсе де ешқандай көмектің болмайтынын айтады. Құран тыңдаса басының ауыратынын айтып, ішіндегі жынды қалай шығаруға болатынын сұраған.

«Түсімде біреулер ер адамдар мені  зорлап, ( кешірім өтінемін, жыныстық қатынас - хат авторы.) қинап жатқандарын көрем және маған ол сезіліп жатады. Ұйқыдан оянғанда жыныс мүшелерім ауырып тұрады. Соңғы кездері Құранды тыңдай алмайтын болып жүрмін. Неге екенін білмеймін. Ішімде жын бар сияқты. Ауылда мешіт жоқ. Мешітке барып иман күшейткім келеді, бірақ ол тек аудан орталығында ғана бар. Мешітке баратын көліктер тең таңертең жүреді»,-дейді ол өзінің алыстағы ауыл тұрғыны екенін ескертіп.

«Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейне бір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» деп атайды. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Әсіресе, денесінде электрмагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс. Өйткені жын көбіне электрмагниті көп адамдарға жақын жүреді. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді», - дейді ұйқы кезіндегі бастырылуды түсіндерген теологтар.

Ал  ауыл тұрғынының жыныстық қатынасқа түсуін жындардың әрекеті екенін дін қызметкерлері де жауап хатта растаған.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Байбек: Біз Нью-Йорк те, Копенгаген де болғымыз келмейді

Алматы облысында сәбиін әжетханаға лақтырған бойжеткен алғашқы баласын да тастап кеткен

Ресейлік футболшылар Монте-Карлода 500 шампанға мас болып қалды (видео)

Төсек қатынасында ләззат ала алмау қаншалықты қауіпті?

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1182404-aqtobe-oblysynda-ozin-zhyndardynh-zorl/

pixel