Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Үш полицей мен бір қала тұрғыны қаза тапты

Жарияланған күні:

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталына Алматыдағы атыс туралы ресми ақпарат берді.

18 шілде күні сағат 11 шамасында қылмыскер қалалық ІІД-нің Алмалы аудандық бөлімшесіне келіп, посттағы қызметкерді жаралаған. Кейін қаруын тартып алып, қашып кеткен.

Қылмыскерді іздеу барысында "Боран" патруль экипажының екі қызметкері  оқ жарақатын алды.

Кейін күдіктінің тұлғасы анықталып, қарулы қарсылық көрсеткен қылмыскер"Қазақконцерт" АҚ ауданында ұсталды.

Күдіктіні ұстау барысында 2 полиция қызметкері оқ жарақатын алған.

Өкінішке қарай, күдіктілер қаланың бейбіт тұрғынына оқ атып, ол оқиға орнында қаза тапқан. Жазықсыз жеңіл көлік жүргізушісінен бөлек, ауруханаға жеткізілген үш полиция қызметкері де көз жұмды.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. Ол демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп айыпталуда.

Қалада күдіктілердің бірін ұстау үшін барлық шаралар жүргізіліп жатыр.

Алматыдағы жантүршігерлік атыс туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы атыстан соң 7 полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда жантүршігерлік атысты ұйымдастарған күдіктілердің бірі ұсталды (видео)

Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды

ІІД антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйінен шықпауға шақырды

Алматыдағы атысты қолына автомат ұстаған белгісіз адам бастаған

Алматыдағы атыста полиция қызметкерлерін өлтіріп кетті (фото +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1192774-almatydaghy-atys-ush-policey-men-bir-qal/