RU

Ақтөбелік әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген көршісін пышақтап өлтірді

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруге қатысты тағы бір іске үкім шығарды деп хабарлайды Аktobenews порталы.

2016 жылдың 15 мамырында сотталушы келіншек көршісінің үйіне барып, бірге ішімдік ішкен. Екеуі ас бөлмесінен қонақ бөлмеге қарай өтіп, еденде отырып әңгімелеседі. Алкогольдік ішімдікке масайып қалған көршісі оған жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасаған. Көршісінің іс-әрекетіне ызаланған сотталушы қарсылық білдіргенін айтады.

Келіншек үйден шыққысы келгенде көршісі оған кілтті бермей қойған. Сотталушы осыны айтып ақталды. Үйден шыға алмай ашуға булыққан ол қасақана адам өлтіру мақсатында қолына пышақ алып, жәбірленушінің кеуде тұсына бір рет соққы жасаған. Бір рет жасалған соққыдан көршісі оқиға орнында жан тапсырды.

Жаза тағайындау кезінде сот келіншектің кінәсін ішінара мойындағанын, болған іске өкінетіндігін, сотталушының соттылығы жоқтығын және жәбірленушінің құқыққа қарсы іс-әрекетін ескерді. Сотталушыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылуда (фото)

Мұрат Телібеков ислам әлеміне кір келтіргені үшін Ердоғанның үстінен арызданбақшы

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Академик қазақ балаларының білімі төмен деген министрдің сөзін жоққа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1206988-aqtobelik-kelinshek-ozimen-zhynystyq-q/