Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Toyota көлігін тізгіндеген бойжеткен ірі жол апатына себепкер болды (фото)

Опубликовано:

Алматыда Toyota көлігін тізгіндеген бойжеткен үлкен ЖКО-на себепші болып, үш адамның денсаулығына зақым келтірді деп хабарлайды patrul.kz порталы.

Бұны көргендердің сөзіне қарағанда Opel Төле би даңғылымен бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатады.

Оның қарсы алдында, яғни Мұратбаев көшесімен қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі сол жаққа қарай бұруға әрекеттенген. Алдымен неміс иномаркасын өткізіп жіберген ол, келесі көліктің алдынан өте шықпақ болады.

Асығыстық танытудың салдарынан қатты соққы алған Toyota автокөлігі орнынан айтарлықтай жылжымаса да, екінші көлік жолдың шетіне ұшып кеткен. Қатты соққыдан ұшқан көлік бағдаршамның реттеуші тұстамасын жайпап өтіп, көшені жарықтандырушы тіректемеге барып соғылады.

Оқиға куәгерлерінің шақыртуымен медицина көмегі де жедел түрде жетеді.  Opel автокөлігінде отырған жүргізуші мен екі жолаушыны тексеріп, ауруханаға жатқызды. Олардың біреуі жан сақтау бөліміне түссе, қалған екеуі травматологияға түскен. Дәрігерлердің айтуы бойынша, апат салдарынан жапа шеккен азаматтың біреуінің жағдайы аса ауыр.

Жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Апатқа себепші болған бойжеткен болса әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Қарақат Әбілдина бесінші баласын қашан босанатынын айтты

ОҚО билігі мереке қарсаңында 12 батыр ананың өтінішіне құлақ аспаған (фото)

Президент атануға үміткер әйел жалаңаш төсімен дауыс жинамақ болды (фото)

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1432661-almatyda-toyota-koligin-tizgindegen-boyzhe/

pixel