Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды? (фото)

Жарияланған күні:

Осыдан екі жыл бұрын Аяла Темірбек Парижде өткен дарындар мен сұлулар сайысына қатысып, көпшілікті тамсандырған еді. Ал 19 жасында бойжеткен Семей қаласының әкімдігіне жұмысқа орналасады және бұл саладағы бастамасын тоқтатпақ емес. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Аяла халықаралық конкурста кимоно киіп орындаған жапон биімен үшінші орынды иеленген.

Сымбаты көз тартарлық арудың биік өкшемен қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөліміне жұмысқа алуға сұхбаттасуға келгенде одан бірден: "Бойжеткен, сіз мекен-жаймен шатасып келіп тұрған жоқсызба? Бұнда неге келдіңіз, сәнгерлікке бармадыңыз ба?", - деп сұрайды.

Айтпақшы,  бойжеткеннің ағасы да қалалық әкімдікте, тек басқа бөлімінде жұмыс атқарады.

«Колледжді тәмамдаған соң менің жұмыс істегім келетіндігімді естіген ағам мен ата-анам ЖОО-ның іштей бөлімдеріне түсіп оқуым керектігін айтып, көндірмек болды. Бірақ мен өзім жұмыспен қамту бөліміне бардым. Барғаным сол болатын, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде бір бос орын бар екен. Бүгінде мен жұмыс істей отырып, заң университетінде оқитыныма мақтанамын", - деді бойжеткен.

Аяла осы салада жетістіктерге жетіп, жетекші маманға дейін көтерілгісі келетіндігін айтады. Аталмыш орында жұмыс істейтін ол не қоғамдық көлікпен, не жеке көлікпен қолданбайды екен.

"Қажеті қанша? Жұмысқа дейін 10 минуттың ішінде жаяу жетуге болады", - деп таңырқап жауап береді.

"Сұлулық - алып күш" дегендей әкімдікте сәнгердің жұмыс жасауының өзіндік бір оң тұстары барын байқау қиын емес. Семей қаласының жолдарын көріп, жүйкесі тозып шағым айтыға келген азаматтардың өздері не бөлім қызметкерімен сөйлескен соң адам танымастай өзгеріп шыға келеді.

"Время" басылымының" рұқсатынсыз материалды көшіріп, пайдалануға болмайды. 

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Әйеліне сөзі өтпесе де, ұлтқа ақыл айтатындар бар

105 жастағы ақтөбелік әжей елбасына алғыс айтып, өлең оқып берді (видео)

Семейде мұз арығына түсіп кеткен он жасар баланың денесі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1432315-parizhdi-baghyndyrghan-qazaqstandyq-sa/