Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте есінен танған БМВ жүргізушісі бес көлікті жаншып кетті (фото)

Жарияланған күні:

Шымкент қаласында 8 наурыз күні ірі жол-көлік апаты орын алды. БМВ көлігінің жүргізушісі кенеттен есінен танып қалып, бес көлікті жаншып кеткен деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Көлік апаты 8 наурыз күні Жангелдин мен Қалдаяқов көшесінде орын алды. Бір мезгілде қатарынан 6 көлік соқтығысқан.

Қалдаяқов көшесімен келе жатқан «BMW» 5 көлікті соғып өтеді, олар: «BMW Х5», «Нексия», «Тойота» және екі «Фольксваген».

Ол аздай, артынан жол қоршауын жұлып әкеткен. Неміс көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзбапты, апат кезінде көлік ішінде болған анасының айтуынша, баласының денсаулығы кенеттен сыр берген.

«Бір сәтке баламның ойлау қабілеті өшіп қалды. Ол ешқайда ұшып кетпес үшін мен орны артынан өзіме тартып алдым. Ол осы уақытта бірден тежегішті басты. Біз Алматыдан алдыңғы күні келдік, Назарбаев емханасында тексерісте болдық. Бізге бас миының аневризмасы деген диагноз қойды, мүмкін ұстамасы осыдан болған болар. 3 айдан кейін ота жасатамыз», дейді«BMW» көлігіндегі жүргізушінің анасы.

"Ірі көлік апатына себепкер болған жігітті арнайы жастықша құтқарып қалған. Ал, басқа жүргізушілердің бәрі дін аман. Тек, бір азаматқа бас миының шайқалуы деген диагноз қойылды. Ол қазір ауруханада жатыр", - дейді жедел жәрдем қызметкері.

БМВ көлігінің иесіне шығындарды төлеуге тура келеді.

Тағы оқыңыздар:

Сағадиев өзінің отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

ОҚО билігі мереке қарсаңында 12 батыр ананың өтінішіне құлақ аспаған (фото)

Димаштың анасы: Ұлымызды аңдып жүрген қыздарды үйге кіргізіп, шәй бердік

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1433054-shymkentte-esinen-tanghan-bmv-zhurgizush/