Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ата-аналар комитетінің төрағасы 5 сынып оқушысын соққыға жықты

Жарияланған күні:

Жамбыл облысының Саудакент ауылындағы Адамбаев атындағы мектеп қабырғасында бесінші сынып оқушысын соққыға жықты. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ұл балаға ата-аналар комитетінің төрағасы, аудандық әкімдіктің қоғамдық кеңес мүшесі, метеостанцияның бастығы Нуржан Есмаханов қол көтерген. Жанжал 30-шы қаңтарда, дене-шынықтыру сабағының кезінде, сағат 17.30-да орын алған.

Оқушының мұғалімі Мақсат Серіковтің айтуынша, дене-шынықтыру сабағы аяқталайын деп қалған. Сабақ үстіне келген Нұржан Есмаханов оқушы Алмат Қазыбекті төменге түсуін сұрайды. Мұғалім рұқсатын берген. Бірнеше минут өткенде, оқушының артынан барғае мұғалім сұмдық көріністің куәсі болады.

«Есмаханов баланы аяусыз ұрып-соғып, тепкіге жығып балағат сөздермен ұрысқан. Мен "Бұл не қылғаныңыз!" деп айқай салып балаға көмекке жүгірдім. Бірақ Есмаханов баланы жіберетін емес", - дейді Серіков.

Есмаханов жылап тұрған бесінші сынып оқушысына тізерлеп тұрып кешірім сұрауын бұйырыпты. Алайда, басылым жазғандай баланы соққыға жыққан қатыгез жанға қатысты ешқандай шара қолданылмаған. Жапа шеккен Ардақ Елібаевтің әкесі екінші күні іс сотқа кеткендігін айтады.

"Бірінші тергеу амалдары жасалуы тиіс еді. бірақ бала аурухана төсегіне таңылып жатқандықтан, полицейлер де істен жалтарып шықты. Өзімізге шағыммен сотқа жүгінуімізді айтып құтылды", - дейді ол.

Сол уақыттың ішінде Алмат бұл оқиғаның желісін баяндап берген. Бала Есмахановтың жетінші сыныпта оқитын ұлының көзін көгертіп қойыпты. Ойнап жүрген оқушылар бірін-бірі итеріп жібереді. Нәтижесінде жетінші сынып оқушысының көзі көгеріп қалған. Ашу мен ызаға булыққан азамат ұлына қол көтерген оқушыны орнына қоймақ болады.

Медициналық тексеру нәтижелері көрсеткендей, Алматтың миы шайқалған.

Мектеп директоры Фарида Тұрсынбекованың айтуынша, Есмахановты баланы соққанын есіне салып, болған жағдай бойынша тілдесуге шақырғанда, ол әуелі аудиожазба, болмаса фотосурет сынды дәлелдемелер сұраған.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп, пайдалануға болмайды.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы өзіне арнап ескерткіш қоюдың қажет еместігін айтты

ОҚО-да 800-ге жуық оқушы қыз мектеп жасында жүкті болып қалған

Тоқтар Серіков шетелдікке тұрмысқа шығатын қыздарды жезөкшеге теңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1443390-zhambyl-oblysynda-ata-analar-komiteti/